Көпконфессиялық қоғамның ортақ мұраты
Көпконфессиялық қоғамның ортақ мұраты
26.03.2018
169
0

   Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көп ұлтты, көп тілді және көп конфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе болса да бүгінде еліміз  дүние жүзіне бүкіл әлемдік діни-рухани келісім, ұлтаралық татулық пен ынтымақ дүниежүзі қауымдастықтары мен көпұлтты мемлекет үшін үлгілі өнеге көрсетіп отыр. орталығы есебінде де таныс. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезі кең ауқымды қамтыған конфессияаралық диалогты жүзеге асыруға бағытталған саяси оқиға, мәмлегерлік ірі әрі бірегей қадам ретінде адамзат болмысы мен санасына қасиетті Құраннан дарығаны рас. Адамзатты сабыр мен сенім, әділеттілік пен бейбіт қатар өмір сүрудің жолын анық етіп ашып көрсеткен киелі мәтінді үнемі үздіксіз үлгі етіп жүрген Елбасымыз оның терең мазмұнын  «Бір ғана діни кеңістік құруға болмайды, бірақ бейбітшілік алаңын жасауға болады. Мен дінді жауласудың емес, бірігудің факторы ретінде қараймын»  деп жоғарыда айтылған тағлымды ой тұғырлы тірліктің бесігіне меңзеді.
   Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері  І съезінің жалпы адамзаттық принциптерді - бейбітшілікті, шыдамдылықты, келісімді нығайту; өзара сыйластық пен төзімділікке қол жеткізу; жанжалдар мен әскери қақтығыстарды  болдырмау үшін адамдардың діни сезімін жаңсақ пікірлер мен жалған жалған мәліметтерге сүйеніп пайдалануға қарсы тұру сияқты басымдылықтарына назар аудартады.
   Алғашқы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезінде келесі кездесуді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылданып,  ІІ съездің де тағы да Қазақстанның Елордасында өтетіндігі анықталды. Осыған байланысты еліміздің бүкіл БАҚ-ы «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі қарсаңында» деген айдармен әлем жұртшылығы алдында үлкен үміт ұялаған тауы шағылып, сағы сынған әлденеше елдердің мерейін асқақтата насихаттық жұмыстарды табысты жүргізді.   Біздің елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың тұратындығы, олардың барлығына республика Конституциясы бірдей құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік беретіндігі халыққа кеңінен түсіндіріліп отырды. Ашықтық пен ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердің бір бөлігін құрайтындығы, өйткені бағзы замандардан бері Қазақстан түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы, олай болатындығы ұлт болмысы мен дүниетанымын айқындап, рухани мәдени өзегіне нәр берген шынайы ислам ілімінен ауызданғаны да қазір айтылып та жазылып келеді. Сондықтан жаңа замандағы еліміз басқа халықтармен, ұлттармен және мәдениеттермен мүдделес ынтымақтастықтың «көпірлерін салу» үшін қажетті алғышарттардың-туысқандықтың, диалог пен өзара түсіністіктің рухында өркендеуді қалайтындығын да көре білді. Осы ойлармен сабақтасып,  көп ұзамай елімізде діндер диалогы басталды.[3]
   
Диалог-өзара түсіністікке негізделген, оған қатысушы екіжақтың да мұдделері мен мүмкіндігін ескеруі тиіс көп қырлы күрделі мәселе. Диалог- бұл адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, басқаларды түсінудің оңтайлы тәсілі. Мәдениеттер мен діндердің диалогы шиеленістерді шешу үшін ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл орайда Қазақстан үлгі бола аларлық. Этникалық және діни төзімділікке тәрбилеп, этностардың дәстүрлі мәдениетін сақтау мен өрістету үшін, қоғамда түсіністік пен сыйластықты арттыру үшін игі шаралар тұрақты атқарылып келеді. Құрбан айт пен Рождествоның ресми тойлануын осының   жарқын мысалы ретінде айтуға болады.
   
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиан діндерінің елімізде тарихи-әлеуметтік орта мен қоғамдық қатынастарда реттеуде, сондай-ақ жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының  ұлтаралық және конфессия- аралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халық жылы қабылдап, конфессия аралық қатынастарда әрдайым бейбіт шешімдер қабылдап отыруға заңдық негіз болатын бастамаларды қолдау игі дәстүр сипатында орнығып келе жатқанына бәріміз куәміз.  Қазақстан көне заманнан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зоростризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі діндер мен діни ағымдар  бейбіт қатар өмір сүргенін тілге тиек етіп, қазақстандық қоғам сапындағы исламның өлшеусіз қызметіне өздерін үлескер етіп көрсетуге тырысушы топтар да жоқ емес. Әрине бұл саяси астарлы мәселе. Яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісім қазақ халқының тарихи қалыптасуы бастауларында таза этникалық ерекшелік емес дегенге саяды. Шындығы олай емесі анық.
   Қазақстан Республикасындағы дін және дінаралық қатынас саласындағы ахуал еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері айтарлықтай өзгерістерге толы болды. Қоғам өміріндегі діннің орны нақтыланып, мәртебесі көтеріліп, соның нәтижесінде адамдардың ар-ождан еркіндігінің өрісі кеңейді. Қазақсанда бүгінгі таңда көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялар бар. Түрлі наным, сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономика мен әлеуметтік жағдайдың кемелдеуіне бастайтын жағдайлар. Осы мақсатқа орай мемлекет этносаралық сындарлы сұхбатты қолдап, лаңкестік әрекеттердің алдын алу іс-шараларын жүргізуде Тәуелсіздік жылдарында діни ахуалды зерттеу институттары саны көбейіп, сонымен бірге сапарлары жетілуде. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе өсіп, рухани дәстүрлер жаңаруда, жаңа культтік ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар бой көтеруде.[4] Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімінің тұрақты моделі қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы сала ахуалына қызығушылық танытатын барлық тараптар біріге отырып, үнемі талдау жасап отырғаны жөн.Осы арада, Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек.
1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі халықаралық келісіміне қосылды.
2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасайды. Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер арақатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Қазақстан халқының басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Бұл басқа діни сенім иелерінің өздерінің наным-сеніміне сәйкес ғибадаттарын атқаруына кедергі келтірмейді. Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел бола алады. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды.  
   
Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны ұлғайып, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны 80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен 90-95 % дейін өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ұждан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталған жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды. Мұсылман және православие христиандарының діни бірлестіктері жалпы діндарлардың 90-нан аса пайызын құрайды. Аталмыш діндердің тарихи және мәдени ерекшелігі ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның преамбуласында көрсетілген. 2012 жылы аталмыш Заң шеңберінде елдегі діни бірлестіктер мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Нәтижесінде, 4551 деп көрсетілген діни бірлестіктер саны, 3088-ге кеміді. Сонымен қатар елімізде тараған конфессияларды жіктеу жүйесіне көңіл бөлініп, бұрын конфессия қатарына жатқызылған діни бағыттарды талдау арқылы, діни конфессиялардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталғандығын атап өткен жөн.

   Діни бірлестіктердің мемлекеттік қайта тіркеуден кейінгі жалпы санында келесілер бар: ислам – 2229, орыс православ шіркеуінің митрополиялық округінде 9 епархия, 261 приходтары, Армян-апостол шіркеуі мен 8 Көне әдет-ғұрыптар шіркеулері тіркелді. Рим-католик шіркеуінің 79 бірлестігі, иудейлердің 4 қауымы, 2 буддистік бірлестіктер тіркеуден өтті. Елде 15 діни білім беру мекемелері қызмет атқарады. Жекелей алғанда, 9 медреселер, 1 имамдардың біліктілігін арттыру орталығы, 2 қарилар дайындау орталықтары, 1 епархиялық жоғары діни семинариясы, 1 епархиялық рухани училищесі және 1 исламтану мамандарын дайындайтын «Египет ислам мәдениеті» университеті бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер қызмет атқарады. Бүгінгі күні республикада 400-ден астам миссионерлер заң аясында жұмыс жасауда. [2] Қазақстан – қазіргі таңда ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың ерен үлгісін көрсетіп келе жатқан мемлекет. Отанымыз 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың алтын ұясы бола отырып, әлемге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы сарабдал саясатының арқасында бейбіт өмір салтанат құрған ел ретінде танылып үлгерді. Қазақстан өзіндегі дінаралық татулықты ту етіп көтеріп қана қоймай, бүкіл халықаралық қоғамдастықты әрдайым сарабдал пікір алмасу мен салихалы ой, тағатты төзім, саналы сабырға шақыру арқылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынында ашық сұқбат алаңын ұйымдастырып, бейбітшілік туын көтеріп келеді. Бұған соңғы 10 жыл бедерінде түрлі дін өкілдерінің басын қосып,  бес бірдей съезд өткізгені дәлел болып табылады. 
   
Қазақстан халқы Ассам­блея­­сының  XXI сессиясында Мем­­­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баев: «Біздің бәріміздің мақ­сатымыз бір – біздің ортақ Ота­нымыздың өркендеуі. Бұл біз­дің ортақ табысымыз, ортақ мақ­танышымыз», деп қоғам алдына жаңа міндеттер жүктеді. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасауының нәтижесінде қоғам өмірінде дін­нің маңыздылығы өсіп, елімізде діни бірлестіктердің заңнама аясында ғана әрекет етуі жөнге түсіп келеді. Қоғам санасында күннен күнге бейбіт қатар өмір сүру идеясы жаңғырып, жас ұрпақтың келешегі кемел ғұмыры сенім мен тұрақтылық үрдісіне жаңа леп беріп отыр. Қасиетті Құран Кәрімнің Хужурат сүресі, 13-аятында «Ей, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі», деп нақтыланған. Сондықтан әмәнда құдайға тәубешілік айтып, Алланың ақ жолымен тура жүру – мұсылмандық парыз. Біз ортақ үйіміз – Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқандықтан, ұлт, ел, мемлекет туының астында мемлекеттік саясатқа сай ынтымақты, тату-тәтті өмір сүру, түбегейлі ту ету арқылы ғана өсіп, өркен жаярымызды естен шығармау керек. Бұл – әр азаматтың, азаматшаның азаматтық парызы екендігін білуіміз керек.[1]

 

ОҚО дін істері басқармасы  
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» 
МКМ-нің «Әдістемелік қамтамасыз ету»
бөлімінің маманы 
Бектұрғанов Абзал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі, Алматы 2013. – 624б.
  2. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына түсініктеме, Астана 2013.
  3. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің» III съезі «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі», Астана 2009.
  4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты
    Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2012.




0 пікір