Жат ағымның арбауы
Жат ағымның арбауы
13.02.2019
98
0

   Тұғырлы тәуелсіздігімізді алғаннан бастап тарихымызды, салт-дәстүрімізді, дінімізді енді қолға алып түгендеп жатқанымызда жат ағымдар ұлтымызға жақын ислам діні атын жамылып псевдосалафиттер, хизбут- тахриршілер,  әл-каида ұйымы, талибан, таблиғ-жамағаты т.б. кез-келген бағыт бойынша уағыз насихаттарын жүргізіп   қоғамымызға іріткі салып бағып келді. Оған себеп егемендігіміздің алғашқы жылдары қоғамымыз рухани құндылықтарға зәру болды. Елімізге шетелден ағылып келген дәстүрлі емес жат ағымдарға тойтарыс беретін тәжрибелі діни мамандар тапшы еді. Казіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде әлемдік қауымдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді бірегей тәжрибесі бар егемен мемлекет ретінде қалыптастық. Мемлекетіміз тарапынан елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымдардың жұмысына тыйым салынған.

     Бүгінгі кезде жастарымыздың біразы ұлттық құндылықтар мен ислам діні жайлы мағлуматтары әліде  аз, демек дәстүрлі емес жат ағымдарға тез еліктеп кету қаупі бар. Жат ағымның өкілдері көбінесе мектеп оқушыларын және жасөспірімдердің сүйікті құралы ғаламтор болғандықтан осыны негізге алу арқылы ықпал жасап жүр.  Мысалы: 2014 жылы еліміздегі Дін істер жөніндегі агентік  1174 интернет-ресурсқа талдау жүргізіп, оның ішінде 58-сайттың діни экстремизмді насихаттайтындығын анықтаған.[1]

Жат ағым өкілдерінің арбау тәсілдері 2 түрге бөлінеді:


 

1-Уағыз- насихат арқылы (Кітаптар, парақшалар т.б.тарату)

2- Әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы.


 

   Казіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша 490-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» заңнамасы бойынша  мемлекет тарапынан кез келген діннің, белгіленбеген жерде ашық түрде уағыз насихат жасауына, кітаптар таратуына т.б. тыйым салынды. Ендігі басты мәселе ғаламдаму заманындағы қатер ғаламтор тарапынан  жастарымыздың санасын улап жүр.

  Ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері қандай:


 

1-    Саяси және діни сауатсыздық

2-     Ата-ананың бақылауынсыз қалу

3-     Берілген ақпарат дерек-мәліметтердің өтірік-растығын анықтамау және достарымен бөлісу.[2]


 Арбаушылар белгіленген жүйе бойынша жұмыс істейді. Мақсаты көптеген адамдарды өз идеологиясына тарту. Мақсатын жүзеге асыру үшін ой қабілеті қалыптаспаған адамдарды іздейді.

Арбаушының құрығына кімдер түседі : Арбаушының құрбанына кез-келген адам болу мүмкін, тіпті көзі ашық жоғарғы білімі бар адам. Арбаушының құрбаны болу ықтималдығы өте жоғары жандар:


 

1-    Депресияға ұшыраған, психикалық ауытқуы бар

2- Өзіне сенімсіз,  өмірге өкпелі және өздігінен шешім қабылдайалмайтын  адамдар.[3]


          Арбаушының құрығына түскендерді қалай анықтауға болады ? Мінез-құлық қалай өзгеріске ұшырайды?

 Деструктивті діни ұйымдарда жүрген азаматтардың жан дүниесінде мынадай өзгерістер аңғарылады;


 

1-Дәстүрлі емес діни сенімнің шынайлығына соқыр сену.

2-Ата-аналарға деген қарым-қатынастарында өшпенділіктің пайда болуы.

3-Оқудан, жұмыстан, дәрігердің қаралуынан бас тарту.

4-Журнал, телеарна, газеттерді оқып көруден, музыка тыңдаудан жиіркену.

5-Тұйықтану, достармен араласпау.(Өз жамағатымен ғана шектелу)

6-Қоғамда орын алған сыртқы өзгерістерге бейтарап қарау.

7-Сөйлеуде мынадай термин сөздер қолданады. (Ахи, ухти, астағфируллаһ, әлхамдулиллаһ,инша Аллаһ т.б.сөздерін жиі айтады.)

8-Кафе, тойхана, құдалық, зиярат басына, қасиетті жерлерге              бармайды. (Харам, тыйым салынған деп есептейді.)

9-Намазды дәстүрлі емес түрде оқи бастайды.(Аяқ-тұрысы, қолы т.б.)

10- Киіну әдебі өзгереді.(Қысқа балақ, сақал өсіру т.б.)

11-Қалта телефонында, көлігінде хадис, уағыздар көп  тыңдайды.[4]


Осы жоғарыда айтылған белгілерді балаңыздан байқасаңыз тез арада дабыл (SOS) белгісі деп түсіну қажет.

  Тез арада шара қолдануыңыз керек. Әрине ата-ананың алаңдауы орынды. Бірақ, тіпті қобалжып, қорқып тұрсада онысын баласына байқатпауы керек. Ұрыс деген мүлдем болмауы тиіс. Әрдайым бала таңдауына құрметпен қарау керек. Өйткені бұл арада, ең бастысы ата-ана мен баласы арасында бар әдемі қарымқатынасты бұзып алмау. Сондай жағдайда ғана оған көмектесуге болады. Бастысы, дінге бет бұрған баласын ата-анасы жақын арада көмек береалатын арнайы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру және психологиялық көмек көрсететін орталығына баруы керек. Аталған орталықтың бірі Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Бегзат Саттарханов көшесі №73 орналасқан немесе 114 - қауырт желісіне қоңырау шалып, анық жауабына көз жеткізсеңіз болады. Орталықта психотеропевт, дінтанушы сынды білікті мамандар бар. Бейресми деректер бойынша, бір жыл барысында мұнда 2 мыңға жуық адам қаралған. Қалай дегенмен орталықтың маманы  баланың теріс жамағат уағызын тыңдап жүргенін немесе оған қатысы жоқтығын демде анықтап береді. Кез келген күдік туғызатын сұрақтарды «fatua.kz», «Kaz-islam.kz» ресми сайттарына жолдап білсеңіз болады.[5]

 

                                                              Түркістан облысы дін істері басқармасы
                                                           «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
                                                                               маманы Асхат ДҮЙСЕН

 



[1] Alashainasy.kz Ислам дініне жат ағымдар деген кімдер,олардан қалай қорғануға болады.

[2] Ғаламтордағы махаббат бомбасы. Шымкент-2018. 16-бет.

[3] alashainasy .kz Ислам дініне жат ағымдар деген кімдер,олардан қалай қорғануға болады.

[4] Мемлекет және дін  Астана-2017. 90-бет.

[5] Alashainasy.kz Ислам дініне жат ағымдар деген кімдер, олардан қалай қорғануға болады.

0 пікір