Иманға толы көзжасым
Иманға толы көзжасым
26.03.2018
698
0

Мен Тұрғынбай З. 1999 жылы ОҚО, Сарыағаш қаласында туылып өстім. Ата-анамның тұңғыш қызымын. Отбасымызда 5 баламыз. Сәби кезімнен ата-анам мәпелеп өсірді, сегіз жасымнан спорттың дзюдо түрімен айналыса бастадым. Үлкен белестерге жеттім. Сабақтан тыс уақыттарымда медресеге барып оқығым келді, әрине бұл шешіміме ата-анам қарсылық білдірген жоқ. Уақыт өте келе намазды бастадым, орамал тақтым. Мектеп табалдырығын аттап үлкен оқу орнына түстім. Оқу оқып жүріп сүйікті спорт түрімен ҚР-ның 57 келіде чемпионкасы болдым, мен өте бақытты едім. Ол уақытта ата-анам ауылда мен қалада тұратынмын. Бос уақыттарымда интернет желісіне көп кіретінмін сонда анам айтатын қызым интернетіңді қой Алла сақтасын бір күні осы интернетіңнен жапа шегіп қалма оқуыңды оқы деп күнделікті айтып отыратын. Ал мен ақымақтық жасап айтқан тіліне құлақ салмайтынмын. Қалаға келген соң медресеге қатынап оқитын уақытым болмады білімім мүлде жоқ, интернет желісінен ислам жайында ақпараттар іздей бастадым. Интернет желіден шетелдік кереғар діни уағызшыларының  пайғамбарымыздың өмірбаяны, хижра, жихад атты уағыздарын тыңдай бастадым. Осы кісілердің уағыздарын тыңдап жүріп өмірге деген көз қарасым мүлдем өзгере бастады. Соған қарамастан Халифат деген группаларға тіркеле бастадым, ол желіде Сирия елінде болып жатқан жағдайларды шығаратын. Бастапқы кезде ол жақтағы жағдай ерісі болып көрінетін. Бірақ уақыт өте келе Сирия елінің қармағына қалай алданып түсіп қалғанымды өзімде байқамай қалдым. Интернет парақшамда Сирия елінің содырлары көбейе бастады, ол адамдармен хат алысып отыратынмын. Менің қанша жерден Сирия еліне кеткім келгенімен өз отбасымды қимайтын едім. Маған күнделікті хат келетін Сирия еліне келіңіз мұсылмандардың арасында өмір сүріңіз деп айтатын. Күнделікті дәлелсіз хадистер хижрат жасау әр адамға парыз, Халифат шындық деп пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) халифат жайлы айтқан хадистері жайлы айтып отырады. Интернет парақшама Сирия жайлы көп дәлелдемесіз хадистер тіркедім. Әрине достарымның арасында маған қарсы шыққандар көп болды. Бірақ сол кезде мен өзімдікі дұрыс деп айтқанымда қатып тұрып алатын едім. Оларға Сирия жайында айтып беріп отырдым ол жақ дұрыс мұсылмандардың мемлекеті (халифат) құрылады біз ол жаққа бару керекпіз деп сөз таласатын едім. Міне қазір мен жазаны өтеу мекемесінде бас бостандығымнан айырылып өз жазамды өтеп жатырмын. Істеген ісіме қатты өкініп түзелу жолына нық түстім. Ата-анамның қадірін түсініп, бар арманым олардың ризалылығын алу. Бұл жасаған қателігіммен тек өзіме ғана кесірін тигізе қоймай анамның көз жасына қалдым. Енді міне анамның қызым деп айтқан бір тал сөзін естуге зарығып отырмын. Кезінде ілімсіздігімнің арқасында жасаған қателігімді түсінуіме себеп болған дәстүрлі діни таным ақпарат берген теологтарға ризашылығымды айтқым келеді. Ол кісілер оңалту жұмыстарын жасап менің жіберіп қойған қателіктеріме орын-орнымен яғни халифат бос сөз екені, сириядағы жағдайдың діни сипаты жоқ екеніне тоқталып кеңінен дәлелдемелер келтіріп берді. Енді ертерек ата-анамның ыстық құшағына оралғым келеді. Сіздерге бұл жағдайымды айтып отырған себебім нақ мен секілді Сирия елінің құрып жатқан қармағына түсіп, өз өмірлеріңізге мен секілді балта шауып алғандарыңызды қаламаймын. Сирия елі сіздерге ақиқат болып көріне бергенімен шындыққа келер болсақ қаншама қыз-келіншектер, ағалар, бауырлар сол жақты дұрыс көріп өз елін, жерін отбасын қиып кетіп, ол жақта зардап шегіп өз еліне қайта алмай жүргендері анық. Интернет желісіне кіріп әртүрлі алдау-арбаулардан сақ болғандарыңызды сұраймын.Сондықтан иманға бет бұрғыңыз келсе еліміздің арнайы діни оқу орындарында ілім алғаныңыз жөн. Менің қателігімді жасағаныңызды қаламаймын.

ИЧ 167/11 мекемесі
Тұрғынбай З.

 

0 пікір