Жиһад деп орынсыз баптану дұрыс па?
Жиһад деп орынсыз баптану дұрыс па?
23.02.2018
231
0

Жиһад деп орынсыз баптану дұрыс па?

 Әлемде ғаламторды қолданбайтын адам жер бетінде жоқ шығар. Дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Онсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар осы бір рухани дертке тәуелді болып барады. Осы ұғымы XX ғасырдың аяғында пайда болса да жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Ғаламторды ашқан ғалымдар да, ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғаларда  болды.   
 
Алайда екінші жағынан кейбір жатпиғылды діни ағым өкілдері құран аяттарын теріс бұрмалап жиһадқа шақырды. Олар ғаламтордағы түрлі байланыс желілері арқылы, санасы қалыптаспаған жастарға дәл осы ғаламтор арбауына сан алуан кітаптары арқылы тіпті, бетпе-бет кездесіп, насихаттарын жүргізуде. Сондықтан шынайы діннің мазмұнын түсініп үлгермеген жастар қауымы ғаламторды "кезіп" жүріп ұрынып қалуы мүмкін. Бастапқыда арабша жазулар немесе Сирия содырларның суреттері  арқылы жиһадқа шақырады.
 
Қазіргі танда діни сауатты ғаламтор желісінен іздейміз, ол рас.  «YouTube», «Вконтакте», осы желілер өте қарқынды дамыған. Эстремизмнің ғаламтор желілері арқылы таратылып жатқаны да өтірік емес. Дін атын жамылған экстремистік және террористік идеологиялардың таралу үрдісі соңғы кездері бүкіл әлемде кең көлемді сипат алуда, бұл адамзат қоғамының тұрақтылығына төнген айқын қауіп болып отыр. Қәзіргі заманда бұрынғыдай ел-елді аралап адастырудың қажеті шамалы. Ғаламтор арқылы жүздесіп сөйлесудің өмірдегіден ешбір айырмасы жоқ. Олар адам баласын жалықтырмайтын техникалық және көркемдігі жағынын жоғары деңгейде жасалған қысқа бейнероликтер және аудиожазбалар арқылы жиһадқа шақырып, жасанды Ислам мемлекетін құруды мақсат етеді. Санасы уланып, шетел асқан жастардың 80-90% бейнероликтер немесе ғаламтор желісіндегі содырлармен сойлесу арқылы отбасын, елін-жерін, тастап біреулері жиһадқа кетеді. Бұлардың түсінігі бойынша Сирия елінде мұсылмандарды аяусыз қырып жатыр. Бірақ шындығында олай емес ол жақта кімнің кімкен соғысып жатқанын және не мақсатта байыптау қиын. Ал енді араб тіліндегі жиһад сөзі «алға қойған мақсатқа жету үшін күш-жігер жұмсау», «талпыну», «тырысу» деген сияқты мағыналарды қамтитынын ол жастардың бірі білсе бірі білмес. Жиһад сөзі батыстық ақпарат құралдарында негізгі мағынасынан бұрмаланып дін үшін жасалатын «қасиетті соғыс» деп аударылып жүр. Бұл – біле тұра әдейі жасалып отырған бұрмалаушылық. Соғыста соғысып шаһид болу немесе өзін-өзі жаруы, жәннаттық болу деген жалған пәтуа. Хадиске мән беріп қарасақ, шаһид болу деген  өзін-өзі жару емес. Мұсылман адамды қасақана өлтіріп және шахид болам деп өзін-өзі жарғанның үкімі шаһидке емес, ­өз-өзіне себепсіз қол жұмсауға жатады. Бұл өте үлкен күнә. Құранда Алла Тағала айтады: «өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп қатерге салмаңдар». («Бақара» сүресі, 195-аят). Құранда Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «Кім бір мүмінді жазықсыз өлтірсе, оның жазасы, мәнгі тозақы болады». Шын мəнінде, ғаламтордан алатын мәліметіміз өте көп. Қазіргі танда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін емес. Яғни жастарымыздың бойында интернеттен керегін алып, керексізін қабылдамайтындай иммунитет болуы керек. Қорыта айтқанда, қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың баршаға түсінікті тілде жеткізкендей:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанда

 Ғылымсыз мақтанудың, орынсыз баптанудың ешбір орны жоқ. Жұмаққа кіремін деп қолға қару алып, жазықсыз жандарды қырып жою, ғимараттарды өртеу, қалаларды қирату, тыптыныш елді жермен жесен ету мейрімге толы ұлы дін түгілі адамшылдықтың өзіне жат. Сондықтан  таза исламды бетперде етіп, түбінде жеке мүддені көксейтіндер жетегінде кетуден еліміздегі әрбір мұсылман сақ бола білуі тиіс.

 

ОҚО дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің

дінтанушы маманы Қуаныш Таутаев

 

0 пікір