Құрбандық шалудың тарихы
Құрбандық шалудың тарихы
14.08.2018
41
0

Құрбандық шалу Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың есімімен байланысты. Ол Қасиетті Құранда былай баяндалады: «Сөйтіп, (Алладан тілеп алған сүйікті) перзенті ержетіп, өзінің қасында жүріп, қолғабыс көрсетуге әбден жараған шағында:

«Балам! (Соңғы бірнеше түн қатарынан түс көрудемін,) түсімде өзіңді құрбандыққа шалып жатыр екенмін деймін. Бұған не дейсің?!», - деді. Сонда бала жігіт еш абыржымастан: «Уа, әкетай! Сен өзіңе бұйырылғанды істе, Алла қаласа, менің (Алланың пәрменіне мойынсұнуға келгенде) өте сабырлы жандардың бірі екенімді көресің», - деп жауап берді. Содан екеуі де Жаратқанның жарлығына қалтқысыз мойынсұнып, Ибраһим баласын оң жақ қырымен жатқызғанда; Біз оған: «Уа, Ибраһим!», - деп үн қаттық. «Сен түсіңде көрген иләһи пәрменді растадың (һәм өзіңнің Аллаға шын берілгендігіңді дәлелдедің, енді балаңды құрбандыққа шалмай-ақ қой). Біз бейне бір Алланы көріп тұрғандай жан-тәнімен игілікті істер істейтін ізгі жандарды, міне, осылай марапаттаймыз. Шүбәсіз, бұл үлкен сынақ еді. Нәтижеде оған баласының орнына құрбандық нәсіп еттік» («Саффәәт» сүресі, 102-107-аяттар).

0 пікір