«Зайырлылық ұстанымы қалыптасқан мемлекеттің рухани бағытының жаңғыруы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Зайырлылық ұстанымы қалыптасқан мемлекеттің рухани бағытының жаңғыруы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
27.11.2018
55
0

2018 жыл қараша айының 27-ші жұлдызы Түркістан қаласында, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Зайырлылық ұстанымы қалыптасқан мемлекеттің рухани бағытының жаңғыруы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Б.Заманханов облыс әкімінің құттықтау сөзімен бастады. Жалпы конференция жұмысын «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры А.Ноғаев жүргізіп отырды. Аталған конференция жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманалиева, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай және Қызылорда облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Батырбек Тұрғанбекұлы Убаев қатысып, дайындаған баяндамаларын оқыды. Бұл конференция дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, дінаралық келісімді нығайту және дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Конференция «Қазақстан – ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың үлгісі» және «Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным» атты тақырыптарда секциялық бөлімдерде өз жалғасын тапты. Қойылған сұрақтар толығымен қанағаттандырылды.

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар