«Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша мәжілісі
«Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша мәжілісі
17.05.2018
219
0

Ақпан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мешіт жанындағы ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арналған үндеу жариялаған болатын. Бүгін аталған үндеуді талқылауға байланысты аудандық мәдениет үйінде жиналыс өтті. Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Самат Айдарханұлы Сапарбаев, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы Бейсенбаев, «Ақылдастар алқасы» мүшелері, ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің төрайымдары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, дін өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков жиналысты жүргізіп отырды. Жиналыста сөйлеген облыстық дін істері басқармасының басшысы Самат Айдарханұлы: «Қазақ халқының ұлттық ұғымымен ұштасқан Ислам діні ешуақытта дәстүрді теріске шығарған емес. Сондықтан да мұсылман қауымына жататын әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын діннен бөлек, діни наным-сенімдерінен ажыратып, бірін екіншісінен оқшаулап қарау мүмкін емес. Еліміздегі дәстүрлі ислам дінін ұстанған барлық ұлттар менен ұлыстар ата-баба әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін ислам дінінің қағидаттарына қайшы келмейтіндей етіп ұштастыра білген» - деген пікірін айтты.
Облысымыздың өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы Бейсенбаевтің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі-облыстың бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасы» кеңейтілген мәжілісінің Оңтүстік Қазақстан облысы халқына арнаған Үндеуі туралы баяндама жасады. 
«Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» бойынша жарияланған Үндеуге қатысты ауыл ақсақалы Бүркіт Арынбеков ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі: Созақ Ауданы Әкімі Аппараты

0 пікір