Ұлттық құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмніңң алдын алу
Ұлттық құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмніңң алдын алу
12.04.2019
47
0

Бүгін Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сауран ауылдық округіндегі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің АКТ залында атааналар мен оқушылардың қатысуымен «Ұлттық құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмніңң алдын алу» мақсатында жалпы кездесу өтті. Кездесуге Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расұл, Облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Е.Тілеубаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев қатысты. Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді. Осы орайда, жастарға салт –дәстүр мен ұлттық мәдениетті қатаң сақтап, діни мазмұндағы ақпараттарды бөлісу,тарату сынды іс-әрекетке жол бермеу жөнінде сөз қозғалды. Жиын соңында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар берілді.

На данном изображении может находиться: 25 человек, в том числе Ордабасы Аудандық Орталық Кітапхана

На данном изображении может находиться: 5 человек, в том числе Тимур Нусупхан и Қуат Қабдолда, люди стоят и в помещении

0 пікір