Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
02.05.2018
108
0

Түркістан қаласында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни бірлестіктермен байланысты жандандыру мақсатында қала әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес құрылған. Кеңестің төрағасы қала әкімі, кеңеске қала әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, мешіт имамдары, шіркеу иерейі, құзырлы органның өкілдері, БАҚ өкілі мүше болып табылады. 
Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өткізіліп, кеңес мүшелері және ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теолог мамандары, БАҚ құралдары қатысты. 
Кеңесті қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков төрағалық жасап, кеңес отырысының маңыздылығы және күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде айтып өтті. Содан кейін күн тәртібіне сәйкес, қаладағы дін саласындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Қалеке Марат баяндама жасаса, ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теологы Нұриддинов Бахауаддин орталықтың жұмысы және қаладағы діни ахуалды талдау жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында қазіргі дін мәселелері, қаладағы кері ағымдағы азаматтарды оңалту жұмыстары, екпеден бас тартып отырған ата-аналарға және мектептегі орамал тағатын оқушылардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысы туралы сөз болды. Кеңес отырысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. 
Кеңес отырысын қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков қорытындылады.

Ақпарат көзі: Түркістан ішкі саясат бөлімі

 

 

 

0 пікір