Түркістан облысы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Т.Әлімқұлов атындағы ЖОМ-нің оқушыларымен кездесу
Түркістан облысы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Т.Әлімқұлов атындағы ЖОМ-нің оқушыларымен кездесу
05.12.2018
11
0

«Жастар жадына – ғаламтор жау» тақырыбында жалпы кездесу өткізді. Кездесуге дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы М.Мұстава  қатысты. Кездесу барысында радикалды діни топтардың діни білімі саяз азаматтарға әлеуметтік желісі арқылы Ислам дінін бұрмалап салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару арқылы өз қатарларына тартуға тырысатындығы баса айтылды. Сонымен қатар,ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі Исламның артықшылығы дәйекті дәлелдермен көптеген мысалдар арқылы жеткізілді. Бұдан бөлек, елімізде көптеген теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың сот шешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың да заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығы да түсіндіріліп өтті. Кездесу соңында әлеуметтік желідегі теріс діни ақпарат көздерінен сақ болу жөнінде қосымша қажетті мағлұматтар беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар