Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану
Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану
15.03.2019
65
0

15.03.2019ж Құмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл елді мекені М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде “Теріс діни ағым өкілдерінен сақтану” атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жиналысқа Түркістан облысы Дін істері басқармасы Созақ ауданындағы Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов қатысты. Теолог Қ.Қосмаханов мектеп оқушыларына – қазіргі таңдағы еліміздің ұстанып отырған зайырлылық принципін және теріс діни бағыт өкілдерінен сақтану жолдарын түсіндіріп жеткізді. Сондай-ақ салт-дәстүріміздің ислам дінімен астасып жатқандығын ислам дінінің халқымыздың өмірінде ерекше маңыза ие екендігін түсіндірді. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0 пікір