ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ОҚО бойынша филиалында жалпы кездесу өтті.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ОҚО бойынша филиалында жалпы кездесу өтті.
16.04.2018
70
0

   ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ОҚО бойынша филиалына біліктік арттыру курсына келген қала, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары және ауыл округ әкімдеріне «Халықаралық лаңкестік қауіпі» тақырыбында облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары Мәди Бесбаев кездесу өткізді. 
   Кездесу тақырыбына сәйкес Мәди Әбзелбекұлы курсқа келуші мемлекеттік қызметкерлерге дін атын жамылған халықаралық саяси топтардың астыртын және қасақана саясаттарын жіктеп түсіндірумен қатар, еліміз бен Елбасымыздың әлемдік тұрақтылық пен бейбітшілікке қосып келе жатқан сарабдал саясатын да айтып өтті. Атап айтқанда, Елбасымыз Н.Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде «Қазақ елінің өз сара жолы бар. Біз өз тарихымыз, дәстүріміз, тіліміз бен дінімізге сүйене отырып, демократиялық құндылықтарды бойымызға сіңіріп жатырмыз. Біздің өзіміздің тарихымыз, тіліміз, дініміз, дәстүріміз бар. Біз бүкіл әлем секілді демократия жолымен келе жатқан халықпыз. Сондықтан біздің өзіміздің жолымыз бар дегенім сол. Бірақ бүкіл өркениттен алшақтап кетіп, басқа жерге барамыз деген сөз емес. Өз жолымызбен басқа өркениет, өскен елдермен тең боламыз деген сөз». Теңіздің тамшысындай әрбір азамат осы бір үндеуге үлес қосып, елімізбен қатар әлемдегі діни тұрақтылыққа үлес қосу қажеттігі аталып өтілді.

0 пікір