Қазығұрт ауданында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
Қазығұрт ауданында  «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
06.12.2018
85
0

Қазығұрт ауданында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен тұрғындар, әскери саланың қызметкерлері мен медицина саласы қызметкерлері және мекеме қызметкерлері арасында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында дінтанушы маманы Медет Халықовтың қатысуымен кездесулер болып өтті.

Кездесу барысында дінтанушы тұрғындар, медицина саласы қызметкерлері, мекеме және әскери қызметкерлермен пікіралмаса отырып, бейнероликтермен сүйемелдеп, тақырыпты жан-жақты талқылап, түсіндіріп өтті. Еліміздің тыныштығын, қоғамның қауіпсіздігін күзетуші құқық қорғау, әскери қызметкерлердің діни деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларына алданып қалмауы үшін бірнеше сатыдан тұратын психологиялық әдіс-тәсілдерін жіктеп көрсетті. Сондай-ақ, маман қоғамдағы күнделікті кездесіп жүрген әртүрлі діни-саяси оқиғаларға барынша сақтықпен қарап, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болуды, діни мағлұматтарға біржақты түсінікпен қарамауға шақырды. Себебі, діни мәліметтерді біржақты түсіну, эмоциямен қабылдау деструктивті діни ағымдарға біртабан жақындатады деп атап өтті.


0 пікір
Соңғы Жаңалықтар