«Өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығу жолы емес» , «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»
«Өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығу жолы емес» , «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»
13.03.2019
69
0

«Өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығу жолы емес» , «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Наурыз айының 13 - жұлдызында дәл осындай тақырыптарда Жетісай аудандық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің дінтанушы – мамандары жалпы кездесу өткізді. Жиында аталмыш орталықтың маманы М. Салиходжаев: Діни экстремизм мен терроризмнің бастауы діни сауатсыздықтан келіп туындайтынын айта келе, оған апарар басқа жолдардын да тілге тиек етті. Және де діни экстремизмнен сақтану шаралары да нақты айтылды. Ал, дінтанушы маман Д. Аманов: Өзіне қол жұмсаудың қаншалықты ауыр күнә әрі тығырықтан шығар жол емес екендігін түсіндіріп, суицидке қарсы тұрарлық мәліметтермен бөлісті. Адам өзінің ішкі, рухани жан дүниесін кемелдендіре отырып кез келген қиындыққа төтеп бере алатынын ұқтырды.

0 пікір