Отырар ауданында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
Отырар ауданында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
06.12.2018
25
0

Отырар ауданында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен тұрғындар, әскери саланың қызметкерлері мен медицина саласы қызметкерлері және мекеме қызметкерлері арасында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында дінтанушы маманы Медет Халықовтың қатысуымен кездесулер болып өтті.

Жалпы дін атын жамылған діни-саяси ағымдардың өкілдері болып келетін адамдардың бойында, сөзінде, іс-әрекеттерінде, киіну үлгісі мен қоғаммен, ата-ана, достарымен қарым-қатынас барысында қандай ерекшеліктері болатындығына баса назар аударыла отырып, түсіндірілді. Сонымен қатар, дінді түсіну кеңістігі ағым өкілдерінің санасында тар болып келетіндігі, белгілі бір өлшемдермен ғана адамдарға сырттай баға беретіндігі ескеріліп, өндіріс орындарында діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу үшін қызметкерлермен атқарылар нақты мәселеге тоқталып өтті.

Қазіргі қоғамда деструктивті діни ағымдар жаңа жақтаушыларды өз қатарына белсенді насихаттаушы кереғар ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері мен террористік және экстремистік әрекеттерге үгіттеуші топтардың ерекшелігіне тоқталып өтті. Жаңа жақтаушыларды тарту барысында өзара қарым-қатынас барысында бастапқыда сыпайылықты басшылыққа алатын ондай топтар, өздерінің мақсаттарына жету үшін сенімдеріне кірген азаматтарды қатаң режимдегі іс-әрекеттерге сатылап шақыра бастайды. Соның нәтижесінде жастарымыз өздерінің террористік әрекеттерге қалай барғандықтарын білмей жатады деп атап өтті.


0 пікір
Соңғы Жаңалықтар