Ордабасы ауданында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
Ордабасы ауданында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында жалпы кездесулер өтті
06.12.2018
18
0

Ордабасы ауданында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен тұрғындар, әскери саланың қызметкерлері мен медицина саласы қызметкерлері және мекеме қызметкерлері арасында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында дінтанушы маманы Медет Халықовтың қатысуымен кездесулер болып өтті.

Кездесулер барысында дәстүрлі дін сөзін ашықтап және дәстүрлі діндердің классификациясын жіктеп, сондай-ақ еліміздің дін саласындағы ұстанған бағыты – зайырлылық, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитыны жайлы кеңінен түсіндіріп өтті. Еліміз дәстүрлі діндерге мейілінше қолдау көрсететіндігін соның ішінде ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін айтып өтті. Дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың үйлесімі жайлы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында атап өткендей ұлттық сана мен ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіре отырып болашақ ұрпаққа ұлттық болмысымызды жеткізу мәселесі де айтылып өтілді.


0 пікір
Соңғы Жаңалықтар