ОҚМПУ жастарымен кездесу
ОҚМПУ жастарымен кездесу
11.05.2018
272
0

2018 жылдың 11 мамыр күні Шымкент қаласы ОҚМПУ студенттермен  "Ақпараттық қоғам және дін" атты тақырыпта дәріс өтті. Кездесуге ОҚО дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің дінтанушы мамандары Қ.Бердали мен М.Мұстафаев қатысты.
Кездесуде теріс пиғылды түрлі діни ағымдар ғаламторды пайдаланудың қас шеберіне айналғанын назарға алып, олардың басты ерекшелігі адамның психо-физиоголиялық болмысын жақсы меңгергендігін және осы білмдерін теріс пиғылда пайдаланатын ғаламтордағы арбаушылар жайында баяндама жасалды. Кездесу соңында қойылған сауалдарға дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

0 пікір