Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары М.Бесбаев «NAR TV» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасына қатысты.
Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары М.Бесбаев «NAR TV» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасына қатысты.
13.03.2018
377
0

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары М.Бесбаев «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы» тақырыбында «NAR TV» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасына қатысты. Өткен жылдың маусым айында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамаcы бекітілді. Осы құжатта дін саласындағы мемлекеттік саясаттың алдағы орта мерзімдегі негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындалды. Яғни, тұжырымдамада белгіленген мерзімде барлық мүдделі мемлекеттік органдар еліміздің Конституциясында көрініс тапқан зайырлылық қағидаттарын ілгерілету, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, діни радикализмнің алдын алу бағыттарында бірлесіп жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен дін саласындағы бірқатар заң жобасына өзгерістерді жасақтап және талқылау сатысы артта қалып, оны Парламент Мәжілісінің талқылауына ұсынып отыр. Ең бастысы, ел заңнамаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоғамның және ондағы барлық азаматтардың мүддесіне жұмыс істейтіндігін атап өткен дұрыс.

0 пікір