Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында семинар-тренинг өткізілді
Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында семинар-тренинг өткізілді
19.07.2018
438
0

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.


Тренингке елімізге танымал теология және философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетай «Мемлекет, дін және мәдениет арақатынасындағы зайырлылық ұстанымының орны», ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заң жобасына кейбір актілерге заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Ақтөбе облысы дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы КММ басшысы Ж.Сүлейменов «Қоғамдағы діни ахуалдың ерекшеліктері», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев «Қазақстандық құндылықтардың тарихи негіздері» тақырыптарында баяндама жасады.


Семинар -тренингке Облыстық дін істері басқармасының басшысы, «дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің басшылары мен қызметкерлері, ҚМДБ облыстағы өкілдігі мен имамдары, қала, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен дінге жауапты мамандары, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

 

0 пікір