Облыстық ақпараттық-түсіндірме топтарының мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатындағы семинар-тренинг
Облыстық ақпараттық-түсіндірме топтарының мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатындағы семинар-тренинг
28.09.2018
315
0

Еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету және орта білім беру мекемелеріндегі зайырлылық қағидаларын сақтауды түсіндіру мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ үстіміздегі жылдың 28 қыркүйек күні облыстық ақпараттық-түсіндірме топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеруге арналған семинар-тренинг өткізді. Бұл семинар-тренингке облыстық білім басқармасына қарасты жалпы орта мектептерде бірыңғай мектеп формасына байланысты проблемалық мектептердің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдері қатысты. 


Семинар-тренигті облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры Ноғаев Асылбек Әуезханұлы ашты. Бұл семинарға қатысты облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы өзінің құттықтау сөзін айтты. 
Одан әрі ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің Төраға орынбасары Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директор орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің докторанты, саясаттанушы Байқонысов Ербол Рәбілұлы өздерінің мәнді де мазмұнды баяндамаларын оқыды. 
Семинар соңында түрлі пікір алмасулар мен сұрақ жауаптар болып қызу талқыланды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

0 пікір