Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мәжілісі өтті.
Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мәжілісі өтті.
31.07.2018
248
0

2018 жылғы 31 шілде күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мәжілісі өткізілді.


Мәжіліске кеңес мүшелері,  қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры А.Ноғаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісті облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды.


Мәжілісте «Облыстың қала, аудандары елді мекендерінде табыну орындары, яғни мешіттер мен ғибадатханалар құрылысының қажеттілікке және Қазақстан Республикасының заңдылықтары талаптарына сәйкес жүргізілуі туралы» облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Б.Дүйсебеков. «Қазығұрт ауданы бойынша діни ахуал жағдайы туралы» облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесмүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесісінің мүшесі З.Оразбай. «Төлеби ауданы бойынша діни ахуал жағдайы туралы» облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесмүшесі, саясаттанушы, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі С.Мәжінбеков баяндамалар жасады. Кеңес мәжілісі барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар, пікір алмасулар болды.

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар