Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылармен жалпы кездесу өтті.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылармен жалпы кездесу өтті.
16.04.2018
15
0

   Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында дін туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың психологиялық әдіс тәсілдері және олардан сақтану жолдары» атты тақырыпта кездесу болып өтті. Кездесуге облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы маманы М.Халықов қатысты.
  Кездесу барысында сала маманы қазіргі қоғамда жастарды өз қатарына белсенді насихаттаушы кереғар ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері мен террористік және экстремистік әрекеттерге үгіттеуші топтардың ерекшелігіне тоқталып өтті. Жастармен өзара қарым-қатынас барысында бастапқыда сыпайылықты басшылыққа алатын ондай топтар, өздерінің мақсаттарына жету үшін сенімдеріне кірген азаматтарды қатаң режимдегі іс-әрекеттерге сатылап шақыра бастайды. Соның нәтижесінде жастарымыз өздерінің террористік әрекеттерге қалай барғандықтарын білмей жатады деп атап өтті. Сондай-ақ, слайд жұмыстарымен түсіндіріліп, кездесу соңында оқушылар өздерінің толғандырып жүрген діни сұрақтарына дінтанушы маман тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар