Жат діни ағымдардан сақтану жолдары
Жат діни ағымдардан сақтану жолдары
05.02.2019
84
0

Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі Қ.А.Яссауи жалпы орта мектебінде Жастар ресурстық орталығы КММ-і, аудандық Қоғамдық келісім бөлімі басшыларының қатысуымен «Өз- өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес», «Жат діни ағымдардан сақтану жолдары» атты тақырыпта 9-11 сынып оқушылары және ұстаздарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Жиын барысында теолог- маман Мақсат Салиходжаев оқушыларға теріс ағым ұстанушылардың идеологияларынан сақтану үшін ең әуелі кез келген діни сұрақтарды арнайы дінтанушы- мамандардан сұрау керектігін және ауруды жеңу үшін иммунитет күшті болуы қажеттілігі секілді бұл ағымдармен де күресте жастардың діни иммунитеті жоғары болу қажеттілігін баса назарға алып айтты. Сонымен қатар, діни материалдарды қолданғанда еңбекті кім жазғандығы, оған басқарма тарапынан сараптау өткізілгеніне көз жеткізуді оқушыларға түсіндірді.

Жиын соңында, оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

0 пікір