ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТІРЕГІН НЫҒАЙТУ
ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТІРЕГІН НЫҒАЙТУ
15.03.2019
65
0
Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырумен Қазақстан-Американдық еркін университетінің мәжіліс залында "ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТІРЕГІН НЫҒАЙТУ" тақырыбында республикалық семинар-тренинг-конференциясы өткізілуде. Республикалық іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова ашып берді. Республикалық семинар-тренинг-конференциясы барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, найб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор М.Ш.А.М. ал-Жинди, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің ректорының кеңесшісі Е.Маямеров, "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" РММ-нің бөлім басшысы Ж.Аханов, ШЫҰ Жастар Кеңесінің ұлттық бөлімінің басшысы Н.Өтешев, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің РһD докторы, теолог М.Исахан және т.б. дәріскерлер баяндама жасауда. Республикалық семинар-тренинг-конференциясының жұмысына облыстық дін істері басқармалары басшылары, дін мәселелерін зерттеу орталықтарының директорлары, Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары мен дін істері бойынша мамандары, Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, жергілікті АТТ мүшелері, ЖОО ректорлары, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, ШҚО ҚАЖД инспекторлары қатысуда.
 
 
На данном изображении может находиться: 3 человека, в том числе Medet Khalykov и Руслан Саматаев, люди стоят и костюм
 
На данном изображении может находиться: 1 человек, стоит
0 пікір