Жастар және құқық
Жастар және құқық
06.02.2019
64
0

Шолаққорған ауылдық округі әкімшілігі және Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің “Жастар және құқық” атты жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің алдын алу бойынша “Тәкен Әлімқұлов” атындағы мектеп интернат лицейінде ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Дін Істері Басқармасы Созақ ауданындағы Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығының теолог маманы Қ.Қосмаханов, “Жастар Ресурстық орталығы” Шолаққорған ауылдық округі бойынша әдіскер маманы Г.Қалиева және Созақ аудандық полиция бөлімінің ЖПХ УПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Б.Төлбасиев, сондай-ақ Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Ибраев қатысты. Жастарға қазақ халқының “үлкенге құрмет, кішіге ізет” деген қағидасын ұстанып, жастарды құқық бұзбауға, әлімжеттік көрсетпеуге, иманды болуға шақырылды. Жиын соңында сұрақтар қойылып теолог тарапынан жауап қайтарылды.

0 пікір