Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
15.04.2019
58
0

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Е.Тілеубаевтың қатысуымен Кентау қаласы Қарнақ ауылы, Құсшы ата елді-мекенінде орналасқан №15 жалпы орта мектептің оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Тойшиев, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Абдуллаев, қалалық полиция бөлімінің ЖПБ қызметкері Н.Парманов қатысты.

Бала мен ата- ананың отбасындағы қарым қатынасы мен міндеттері,  жастарға уақыттарын тиімді пайдалану тәрбиелі, білімді азаматтың болашағының жарқын болуы түсіндірілді. Сонымен қатар, салт- дәстүрді қастерлеу жайында айтылды.

Жастардың санасын улайтын жат ағымдардың ақпараттарынан сақтанудың жолдары мен ерекшеліктері бойынша баяндама жасалды.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

0 пікір