Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
15.04.2019
47
0

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Е.Тілеубаевтың қатысуымен Кентау қаласы Шобанақ ауылында орналасқан «Шобанақ» жалпы орта мектепбінің оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында жалпы кездесу өткізілді.

 Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Тойшиев, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Абдуллаев, қалалық полиция бөлімінің ЖПБ қызметкері Н.Парманов қатысты.

Кездесуде отбасы құндылықтары, жастардың уақыттарын тиімді пайдалану, діни ақпараттармен материалдарды жариялау жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, салт- дәстүрді қастерлеу жайында, Тәрбиелі, білімді жастардың болашағының жарқын болуы түсіндірілді.

Жастардың санасын улайтын жат ағымдардың ақпараттарынан сақтанудың жолдары мен ерекшеліктері бойынша баяндама жасалды.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

0 пікір