Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
15.04.2019
60
0

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Е.Тілеубаевтың қатысуымен Кентау қаласы, Ораңғай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Тойшиев, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Абдуллаев, қалалық полиция бөлімінің ЖПБ қызметкері Н.Парманов қатысты.

Кездесу барысында, бала мен ата- ананың отбасындағы қарым қатынасы мен міндеттері,  жастарға уақыттарын тиімді пайдалану, тәрбиелі, білімді азаматтың болашағының жарқын болуы түсіндірілді. Сонымен қатар, салт- дәстүрлерді, ұлттық құндылықтарды қастерлеу жайында  түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, жастардың санасын улайтын жат ағымдардың іс әрекеттерінен сақтанудың жолдары мен ерекшеліктері бойынша баяндама жасалды.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

 

 

0 пікір