ДОС БОЛСАҢ, АДАЛ ДОС БОЛ!
ДОС БОЛСАҢ, АДАЛ ДОС БОЛ!
20.06.2018
161
0

Асыл дініміз Исламда достық  қарым-қатынастарға аса терең мән мағына берілген. Адам өзін қоршаған ортамен, маңындағы адамдармен үнемі қарым қатынаста болатындығы айқын. Ал адам өмірінде достықтың орны бөлек. Доссыз адам болмайды. Достық адамды бір-біріне ашық болуға, адал болуға тәрбиелейтін қасиет. Достық адамдарды сенімділікке, өзара татулыққа, бірлікке жетелейді.
Халқымызда достыққа қатысты көптеген тамаша тағылымды нақыл сөздер қалдырған.
«Досы көпті жау алмас», «Мың теңгең болғанша бір досың болсын», «Досы жоқпен - сырлас, досы көппен – сыйлас», «Дос ажарың, жолдас базарың деген ұлағатты сөздер бар.
Халқымыздың кемеңгері  Ұлы Абай атамыз:
«Жолдастық сұхбаттастық бір үлкен іс,
Онық қадірін жетесіз адам білмес
Немесе
Біріңді, қазақ, бірің дос...
«Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың». деп аса тағылымды ұлы сөздер қалдырған. Сонымен қатар достыққа өз бағасын берген. Кемел түйін жасаған.
Ардақты пайғамбарымыз жаныдағы сахабаларын бір-бірімен достастырғандығы ерекше тағылымды іс екендігін байқаймыз.
Алла Елшісі  Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Сендер кәміл иман етпейінше жәннатқа кірмейсіздер. Бір-біріңді жақсы көрмейінше кәміл иманды болмайсыңдар. Егер істесеңдер араларыңда сүйіспеншілік пайда болатын амалды көрсетейін бе?Өзара сәлемді дауыстап беріңдер», - деген.
Мұнда адамның бір біріне  жақсы қарым-қатынаста болуы мен бірлік ынтымақ, адамдар арасындағы сыйластыққа аса терең маңыз берілгендігін байқаймыз. Адамдардың өзара татулығы мен бірлігі жақын болуы қоғам үшінде айырықша маңызға ие.
Алла разылығы үшін жақсы көрген адамға, достығыңызды білдірудің артықшылығы жайлы  хадисте: «Сендердің бірің бауырын жақсы көрсе, оған сүйіспеншілігін білдірсін», - делінген. Яғни бауырмал болудың пайдасы жайлы кеңінен айтылған.
Құран Кәрімде: «Иман келтірген әрі ізгі іс істегендердің көңілін Алла шынайы сүйспеншілікке бөлейді» деген.
Ұлы Жаратушы достықты және адамдарға ізгі іс жасаған, ізгі ниет білдірген жандарға мейріміне бөлейтіндігін жеткізген. Ұлы Жаратушы Алла барлығымызды өз мейріміне бөлесін.  

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар