Діни экстремизм мен терроризмнің келіп шығу себептері және оның алдын алу жолдары
Діни экстремизм мен терроризмнің келіп шығу себептері және оның алдын алу жолдары
11.02.2019
122
0

Бүгін Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі 10216 әскери бөлімінде "Діни экстремизм мен терроризмнің келіп шығу себептері және оның алдын алу жолдары" тақырыбы аясында әскерилермен кездесу болып өтті. Кездесуде сөз сөйлеген Түркістан облысы "дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы Б.Умаров "діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін діни сауаттылықпен қоса саяси сауатты болу да аса маңызды, себебі қазіргі таңда дінді саясатқа айналдырғысы келетіндер бар" деп айтып өтті. Сонымен қоса дінге байланысты сұрақ туындаса дұрыс ақпарат көздеріне жүгіну керектігі және теріс ағымдарға қарсы керемет имунитет болып табылатын ата салтымызды тереңірек түсіне білуіміз қажет екендігі айтылды. Кездесу барысында жат ағымдардың ерекшеліктері жайлы кеңінен мәліметтер беріліп әскерилер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

0 пікір