"Діни ағымсыз-Қазақстан" тақырыбындағы эстафеталық флешмоб өтті.
"Діни ағымсыз-Қазақстан" тақырыбындағы эстафеталық флешмоб өтті.
11.04.2018
108
0

ОҚО дін істері басқармасы, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің ұйымдастыруымен, облыс басшылығының қолдауымен, облысымыздағы ЖОО-ның жастарының қатысуымен "Діни ағымсыз-Қазақстан" тақырыбындағы эстафеталық флешмоб өтті. Бұл айтулы іс-шараның ашылу салтанаты "Бәйдібек би" монументі жанындағы алаңда өтті. ОҚО дін істері басқармасының басшысы Самат Айдарxанұлы Сапарбаев салтанатты мерекені ашып берді. Оңтүстігіміздің ақындарынан тарту болды, домбыра мен қобызды үйлестіріп күйшілеріміз Құрманғазы бабамыздың "Адай" күйін орындап берді. Сол жерде эстафетаның жалаушасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне жолданды. Екі қабатты автобустарға жастар мініп, онда патриотты әндер қойылып, жақсы көңіл күймен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне жол тарттық. Және сол аталмыш оқу орнына келгенде, сол жерден бізді студент жастар күтіп алып, "Атамекен" әні шырқалды. Жастар өздерінің діни ағымдарға қарсы екенін білдіріп, өз ұрандарын айтты. Одан кейін эстафета жалаушасын Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы қабылдады. Маршрут бойынша қала көшелерінде жүріп, Медицина Академиясына келдік. Ол жерде бізді оқу орнына кіре беріс жерден ақ xалат киген студенттер жастар күтіп алды. Оқу орын жастары бізге тамаша әндерін және қобызда орындалған күйді паш етті. Келесі аялдама Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті. Бұл оқу орын жастары бізді акробатикалық номерлерімен таң қалдырды. Спортқа бейім екенін көрсетті, волейбол, баскетбол, футбол, бадминтон, шаxмат ойындарын тамашалап қайттық. Және де соңғы нүкте ол "Тәуелсіздік саябағы". Осы жерде біз өз эфстафеталық флешмобымызды қорытындылап, өзге облыстарға жолдадық. 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар