Дін мәселелерін зерттеу орталығының жаңа сайты іске қосылды
Дін мәселелерін зерттеу орталығының  жаңа сайты іске қосылды
28.02.2018
462
0

Дін мәселелерін зерттеу орталығының

жаңа сайты іске қосылды

     Біз өмір сүріп отырған бүгінгі қоғамның ең басты ерекшелігі – ақпараттың шектен тыс көптігі. Ақпарат арқылы арқылы жеке адамның санасына да, қоғамға да билік жүргізуге болады.  Тиісті ақпаратты сіңдіру арқылы халықтың, әсіресе, жастардың санасы мен жүрегін жаулап алудың, сөйтіп оған билік жүргізудің  неше алуан арандатушы (манипуляция) жолдары бар. 
    Діни сауаты төмен, діни көзқарасы қалыптаспаған біреуді теріс діни ағымға тарту үшін арандатудың көп жолдарының бірі сырты бүтін, іші түтін, улы мәліметтерді жаңа форматтарда қоғамға ұсыну болып табылады. Бұл тек Қазақстанда емес, ғаламдық деңгейде жүріп жатқан үдеріс.
   Міне, осы тұрғыдан келгенде, ғаламтор бетінде халыққа жанашыр, ақ пен қараны ажыратып бере алатын, адамгершілік пен тазалыққа, ар-намысқа негізделген ақпараттарды тұрақты түрде жасап, таратып отыратын сайттар мен әлеуметтік желілердің көптеп ашылғаны құптарлық. 
     Мәселенің осы жағын ескере келіп, ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының жаңа сайтын іске қосып, оның бетінде ел-жұртқа пайда келтіретін, діни немесе саяси бүліктердің алдын алатын мақалаларды, аудио және бейне материалдарды таратып отыруды алдымызға мақсат етіп қойғанбыз. Бүгін сол мақсатымыздың алғашқы қадамы іске асып, орталығымыздың жаңа сайты іске қосылып отыр.
    Оқырмандардан сұрайтынымыз, материалдарды өздеріңіз оқып болған соң, өздеріңізге жақын адамдарға да таратылуына көмек беріңіздер. Әлеуметтік желілерге бөлісіңіздер! Күш –бірлікте! Бәріміз бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақпен іс атқарсақ, тез арада көптеген жетістіктерге жетеміз деген ойдамыз.

 

 

ОҚО дін істері басқармасы 

«Дін мәселелерін зерттеу»

орталығының директоры

Асылбек Әуезханұлы

0 пікір