Деструктивті діни ағымдар мен олардың қоғамға төндіретін қаупі
Деструктивті діни ағымдар мен олардың қоғамға төндіретін қаупі
12.04.2019
59
0

2019 жылдың 12 сәуір күні Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан «Жетісай медициналық колледжінің» жатақханасының студенттер жастарымен Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық бөлімінің дінтанушы маманы Б. Шаймерден жалпы кездесу өткізді. Кездесуге арқау болған тақырып «Деструктивті діни ағымдар мен олардың қоғамға төндіретін қаупі». Жиын барысында дінтанушы Б. Шаймерден деструктивті ағым өкілдерінің белгілері мен олардың арбау жолдары туралы толық мәлімет бере отырып, олардан сақтану жолдарын да тілге тиек етті. Жат ағым өкілдерінің психологиялық портретін сөзбен салып көрсеткен Б. Шаймерден діни сұрақтар туындағанда дұрыс – бұрысы беймәлім материалдарға жүгінуден аулақ болып, міндетті түрде арнайы бекітілген мамандарға жүгіну қажеттігін жеткізді.

0 пікір