«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Шардара қаласында
«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Шардара қаласында
22.11.2018
70
0

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық түсіндіру топтары, аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала және ауылдық округтердегі ауыл билері, қала, ауыл әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты.

Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың дәстүрлі рухани мәдениетін дәріптеу, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау. Рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күресудің жолын түсіндіру болып табылады. Көшпелі жиында облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і директорының орынбасары Мәди Бесбаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова дін саласындағы мемлекеттік саясатқа жан-жақты талдау жасай отырып сөз сөйледі. 

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тарапынан қыз баланың тұсауын кеспеу, ұл баланы бесікке салғанда «бесікті сату» секілді ырымдардың дұрыс еместігі жөнінде айтылған сөздерге залға жиналған тұрғындар түрлі сауалдар қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Сахнадағы үлкен экранда жат ағымға кріп, ақырында түрмеде отырып, өз ісіне өкініш білдірген жандардың бейнеролигі көрсетілді.

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар