«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданына келді
«Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданына келді
19.11.2018
130
0

Бүгін еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерін алдын алу және қоғамда деструктивті идеологияға иммунинет қалыптастыру мақсатында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын отырысы болып өтті.

Сонымен қатар көшпелі керуеннің мақсаты облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып   табылады.
Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы келді. Жиынды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды. 

0 пікір