Астанада "Жастарды руxани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияларға иммунитет қалыптастырудағы әйелдер рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Астанада "Жастарды руxани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияларға иммунитет қалыптастырудағы әйелдер рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.
25.10.2018
91
0

Бүгін Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қоғамдық Даму Министірлігі Қоғамдық Келісім Комитеті ұйымдастырған "Жастарды руxани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияларға иммунитет қалыптастырудағы әйелдер рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға Түркістан облысы дін істер басқармасының бас маманы Әуесxан Жасұлан және "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің дінтанушы маманы Досанбаева Шолпан қатысты. Аталған конференцияда зайырлы мемлекеттегі дін мәселелері, жастарға діни экстремизмнің әсер етуін болдырмау, рухани-адамгершілік тәрбие беру, жас қазақстандықтардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сондай-ақ, деструктивті, радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі жөніндегі мәселелері талқыланды.

 

0 пікір