Ақпараттық топ Бәйдібек ауданында
Ақпараттық топ Бәйдібек ауданында
21.09.2018
98
0

Облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген кесте бойынша кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша және отбасындағы ата-ананың ролі жайында 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Бәйдібек ауданында орналасқан білім беру мекемелерінің 500-ге жуық оқушы-студенттерінің және мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог психологтар, ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен 19-шы колледжде және Жастар сарайында кездесулер өткізілді.
Кездесудің мақсаты аудан-қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарында жəне мəдениет үйлерінде (мектеп, колледж, ЖОО) жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан, алькоголдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттарын түсіндіру.


Оқушы, студент жастармен кездесуге Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полция инспекторлары, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, облыстық денсаулық сақтау, облыстық дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің теолог маманы Заманxанов Бауыржанның қатысуымен жасөспірімдер мен жастарға ақпартаттық насихат жасау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу, кереғар діни ағымдардан сақтандыруға арналған бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді.
Бұл жұмыстар 2018 жылдың аяғына дейін жалғасын табатын болады.

0 пікір