Әдеп және әдет
Әдеп және әдет
11.02.2019
114
0

Діни экстремисттік, террористік және кері ағымдар мен секталардың алдын алу – мақсатында Түркістан облысы Түркістан қаласында № 21 кәсіптік колледжінде "Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Әдеп және әдет" атты кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары А.Дүйсен және І.Нағызхан қатысты. Кездесу барысында дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихын насихаттау болды. Сонымен қатар, ғаламтор арқылы экстремистік топтар мен ұйымдар өз идеяларын таратып, қатарларын көбейтуде. Ол жерден радикалды бағытты ұстанатын шейхтардың бейнежазбаларынан жихадқа шығу, шейіт болу мәселелері жөніндегі уағыздарын тыңдайды. Құран аяттары мен хадистерді бұрмалап түсіндіруге тырысатын мұндай уағыздар жастар санасына кері әсер ететіні даусыз. Бүгінгі жастар интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай. Жастарымыздың бір бөлігінің ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткені де рас. Себебі, радикалдық топтар ғаламтор желілері арқылы дәстүрлі емес, экстремистік идеологияларын таратуда. Сол себепті, ғаламторда діни уағыз-насихаттарды таратушы ақпараттық деректерге назар аударған дұрыс. Кездесу соңында оқушылар туындаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

0 пікір