«18 қазан – Рухани келісім күні»
«18 қазан – Рухани келісім күні»
17.10.2018
196
0

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, көпұлтты және көпкофессиялы елімізде халқымыз ата-баба дәстүріне сай игі істерді атқарып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты арқылы, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланды.
Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда дәстүрлі түрде әлемдік діндер көшбасшыларының съездерінің өтуі соның айғағы. Кешегі күндері Астана қаласында өткен кезекті VІ – съезд әлемдік дінаралық татулықты нығайтуға тағы да сүбелі үлес қосты.
1992 жылғы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.
Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан – «Рухани келісім күні» мемлекеттік деңгейде аталып өтуде.
Осыған орай, 2018 жылғы 17 қазан күні Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің облыстағы діни конфессия басшыларымен кездесуіөткізілді.
Кездесуде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев конфессияаралық келісімнің маңызды екенін атап өтіп, діни конфессия басшыларын «18 қазан – Рухани келісім күні»  мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыстады.
Бұл аталмыш мерекеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб муфтиі, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Өтпенов Наурызбай Тағанұлы және «Шымкент епархиясының Састөбе поселкісіндегі Қасиетті Блаженная Ксения Петербургская храмының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Драчев Алексей Федорович өз құттықтау сөздерін арнады.

 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар