Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

29.12.2015



2015 жылғы 29 желтоқсан сағат 11.00-де Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Н.Тұрсынбай «Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында» БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізді. 

Пресс-конференция барысында Н. Тұрсынбай үстіміздегі жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырып өтті. 

Орталықтың 2015 жылғы атқарған жұмыстарын тармақтарға бөле отырып, нәтижелеріне шолу жасады. Деструктивті діни ағым жақтастарын дәстүрлі дін жолына  түсіру мақсатында жеке кездесулерге орталықтың 17 теолог маманының 14-і, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің имамдары қатыстырылды. Нәтижесінде дәстүрлі дін жолына 200-ге жуық азамат қайтарылды. Облыстың қала, аудандарында, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық қала, аудандарда тұрғындармен, маргинал жастармен, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кереғар діни ұйымдар мен секталардың ықпалынан сақтандыруға бағытталған 7003 кездесу өткізіліп, 298 034 адам қамтылды.  

Облысымыздағы түзету мекемелерінде діни көзқарастағы сотталған азаматтармен                6 ақпаратттық-насихаттық топтар жұмыс атқарады. Олардың қатарына орталық мамандарынан бөлек келісім бойынша ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің мешіт имамдары да жұмыла жұмыстар атқарды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндірме жұмыстарымен бірге түзету мекемелерінде еліміздің тарихы жөнінде, Елбасымыздың жолдауын талқылау, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру барысында белгілі ғылым докторлары мен профессорлар да жұмылдырылды. Жылдық жоспарға сәйкес 856 кездесулер өткізілді.  Сотталған азаматтар тарапынан жазылған мақалалар саны – 13.

Облыс бойынша 2015 жылы қала, аудандардың ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты мешіт-филиалдары жамағатымен 162 кездесу өткізіліп, 97 321 мыңнан астам жамағат қамтылды. Сондай-ақ, исламдық емес діни бірлестіктерге мониторинг жұмыстары жүргізілді. 20 жергілікті діни бірлестіктерімен ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкиннің қатысуымен «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Е. Маямеровтың қатысуымен «Дін бірлікке бағыттайды» тақырыбында облыстық семинар және «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры доктор Ж. Басюни және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Абзалбектің, ҚР ҰҚК академиясының аға оқытушысы, психолог Л. Шакимованың қатысуымен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне біліктілікті көтеру мақсатында семинар-тренингтер өткізілді.

Орталық тарапынан жыл басынан бері 28000 дана әдістемелік-ақпараттық кітаптар мен кітапшалар, 5000 дана плакаттар шығарылды. Сонымен қатар, қоғамдағы әлеуметтік маңызды тақырыптарға сәйкес 15 бейнероликтер, 5 тақырыпта арнайы фильмдер, 1 анимациялық фильм, «Кереғар ағымдардан сақтанайық» тақырыбында жалпы 10 000 дана видео және аудио диск дайындалып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өтті. Қазірде жергілікті телеарналардан көрсетілімдері ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында 15 тақырыпта «Дін және дәстүр», 15 тақырыпта «Мемлекет.Қоғам.Дін» телебағдарламасы түсіріліп, көрсетілімі ұйымдастырылды. 

Мамандар тарапынан республикалық және жергілікті БАҚ беттерінде 106 мақала жарияланды, 20 радиохабарға, 76 телебағдарламаға қатысты.

«Біз Құранды білеміз бе?» 40 бөлімнен тұратын фильмі қайта өңделіп дайындалды.

Орталық дін тақырыбында әлеуметтік зерттеу және интернет ресурстарына мониторинг жұмыстарын жүйелі атқарып келеді.

Пресс-конференция барысында Н.Тұрсынбай орталықтың басқа да бағыттары бойынша нақты атқарылған жұмыстары жөнінде де мәлімет берді. 


  2015-12-29       213

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика