Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

25.12.2015



Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төраға орынбасары Ғабит Абзалбек Мұхамеджанұлы ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің қызметімен танысу үшін ат басын бұрды. Төраға орынбасары орталықтың бөлімдерімен жеке-жеке танысып шықты. Сонымен қатар мәжіліс залында орталық басшыларымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуді орталық директоры Н. Тұрсынбай ашып, жүргізіп отырды. 

Кездесу барысында Н. Тұрсынбай тығыз жұмыс кестесіне қарамай арнайы уақыт бөліп келген төраға орынбасарына мекеме атынан өз алғысын білдірді. Ғ. Мұхамеджанұлы оралық мамандарымен республика көлемінде жасалып жатқан мемлекеттің дін саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, мұндай дін мәселелерімен айналысатын орталықтар алыс-жақын шет елдерде, ТМД мемлекеттерінде жоқ екендігін атап өтті. Дегенмен дінді ғылыми жағынан ғана зерттейтін орталықтар көп, бірақ, халық арасында тығыз қарым-қатынас орната отырып, ақпараттық түсіндірме бере алатын мекемелер бар деп айта алмаймыз дейді өз сөзінде төраға орынбасары. Сонымен қатар ол орталықтың 2015 жылы атқарған жұмыстарына да шолу жасап өтті. Кездесу барысында мамандар тарапынан да ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша да сөз қоғалды. 


  2015-12-25       176

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика