Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

24.12.2015



Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ ұйымдастырумен Шымкент қаласы, «Жаңа технологиялар» колледжінің оқытушылар құрамы және студент жастарымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылығы мен жастарды кереғар ағымдардан сақтандыру мақсатында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайту мақсатында жастар арасында деструктивті діни ұйымдардың теріс ықпалының алдын алу. 

Кездесуді ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің директоры Тұрсынбай Нұржан Арыстанбекұлы ашып, жүргізіп отырды.

Семинар жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы, «Жаңа технологиялар» колледжінің басшылығы, оқытушылар құрамы, студент жастар, жастар ісі комитетінің мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек,ҚР ҰҚК академиясының аға оқытушысы психолог Лола Шакимова, Облыстық  ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің директоры Тұрсынбай Нұржан баяндама жасады.


  2015-12-24       191

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика