Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

24.12.2015



Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы және ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің ұйымдастырумен Облыстық ақпараттық түсіндірме топтарының мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайту мақсатында облыстағы дін мәселелерімен айналысатын ақпараттық түсіндірме топтарының біліктілігін көтеруге негізделген. 

Семинар жұмысын ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков жүргізіп отырды.

Семинар жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы, ҚР ҰҚК академиясының аға оқытушысы психолог, подполковник Шакимова Лола Сергейқызы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің басшылары мен қызметкерлері, дінтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мешіт имамдары, жоғары, орта арнаулы оқу орындары жастар ісі комитеттерінің төрағалары және Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептердегі «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек, ҚР ҰҚК академиясының аға оқытушысы психолог Лола Шакимова баяндама жасады.


  2015-12-24       229

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика