Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

14.12.2015



Бүгін Шымкент қалалық, Әл-Фараби аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен  « Жаңа технологиялар колледжінде»   студенттер мен «Кереғар ағымдардан сақтанайық»  тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ бөлім басшылары Д. Оспанов, М.Халықов . және бөлім мамандары Ұ. Алиакбарұлы, А.Бектұрғанов, Ж.Джурабеков, Г.Мырзакулова, С.Ниязымбетов қатысты. Кездесу барысында Д. Оспанов, М.Халықов тақырып бойынша баяндама жасады. Қазіргі таңда жастарымыздың тәрбиесі тікелей дінмен ұштасып, кез-келген дінде адами қасиеттер мен ізгілік кішіпейілділік туралы  атап өтті.Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтып кетті. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті. Кездесу соңында студенттер өздерінің толғандырған сұрақтарына дінтанушы, теолог мамандар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.


  2015-12-14       195

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика