Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

10.12.2015



Кереғар ағымдардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Шымкент "Әуежайында" әуежай қызметкерлерімен «Керағар ағымдар. олардың сипаттары» атты тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің дінтанушы-теологы Ұ.Алиакбарұлы қатысты.
Кездесу барысында теолог: қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі-деп айтып өтті. Бұдан бөлек әуежай аумағында, жолаушылар арасында күдікті азаматтар байқалсы тиісті органдарға хабарлаған жөн екендігі ескертілді.


  2015-12-10       191

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика