Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

10.12.2015



Бүгін Шымкент қаласы Мирас университетінің  студенттері және ұстаздарымен «Дін тарбие бастауы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ бөлім басшысы М.Халықов. және бөлім маманы Ж.Джурабеков қатысты. Кездесу барысында М.Халықов тақырып бойынша баяндама жасады. Қазіргі таңда жастарымыздың тәрбиесі тікелей дінмен ұштасып, кез-келген дінде адами қасиеттер мен ізгілік кішіпейілділік туралы  атап өтті.Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтып кетті. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті. Кездесу соңында студенттер өздерінің толғандырған сұрақтарына дінтанушы мамандар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.


  2015-12-10       193

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика