Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРІКМЕНСТАН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮШ БІРІКТІРЕДІ



ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Жалпы отырыста аталған заң жобасын депутаттарға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. «Бұл шартқа Түрікменстан президентінің Қазақстанға 2017 жылғы 18 сәуірдегі мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы ережелеріне сәйкес енгізіліп отыр. Қазақстан Түрікменстанды жақын көршілес ел және Орталық Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарастырады» деді министр. Оның айтуынша, екі елде ширек ғасыр ішінде дипломатиялық қарым-қатынас өзара сенім негізінде қалыптасқан. Нәтижесінде, Қазақстан мен Түрікменстан елеулі жетістіктерге қол жеткізген. Осы орайда Сыртқы істер министрі стратегиялық әріптестік туралы шарттың маңыздылығын түсіндірген. «Қазақстан Түрікмен байланысы достық қарым-қатынастары мен ынтымақтастық туралы шартқа негізделген. Енгізілетін шарттың мақсаты екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейін және екі елдің тығыз іс-қимылын бекіту болып саналады. Құжат жоғары және жоғары деңгейдегі саяси диалогты жетілдіру және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Шартқа сәйкес тараптар халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, әрі жаңа қауіп-қатер мен өзге де көріністерге қарсы күресті кеңейтуді және тереңдетуді көздейді» деді Қайрат Әбдірахманов. Министрдің айтуынша, аталған заң жобасы сауда-экономикалық, мәдени-экономикалық, әскери және әскери-техникалық, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.

Сонымен қатар, министр аталған заң жобасында Арал теңізінің мәселелерін шешу де қарастырылғанын айтты. «Құжатта Арал теңізінің экологиялық жүйесін қалпына келтіру, Каспий теңізі мен трансшекаралық су ағымдарының қорғалуы осы саладағы халықаралық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру шараларын біріктіруді көздейді. Құжатта қос мемлекеттің ғылыми-мәдени, білім беру салаларында мамандар алмасу сынды мәселелерді қарастырады. Аталған заң жобасы Қазақстанның барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген» деді ол. Министрдің сөзінше, екі ел ратификациялау грамотасымен алмасқаннан кейін аталған заң жобасы күшіне енеді. Аталған заң жобасы Қазақстанның өзге де заңдарына өзгерістер енгізуді талап етпейді. Тиісті талқылаулардан кейін Сенат «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау» заңының жобасын қабылдады.


  2018-01-09       10

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика