Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз



Діни тұрақтылық – береке, бірлігіміздің кепілі
Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастыққа жалпыұлттық консенсус пен қоғамның топтасуының үлгісін көрсетіп келеді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау саласында бай тәжірибеге ие және осы тараптағы кең ауқымды әрі тиімді ынтымақтастыққа қашанда әзір екеніміз көшбасшымыздың арқасы.
Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін. 
Ізгі ниетпен: ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры Н.Тұрсынбай


  2017-11-30       13

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2335:821

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика