Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

ОҚО әкімі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті



 

 

 18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ  діни конфессиялардың басшыларымен кездесті. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті.

«1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Сол конгресте  қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау туралы манифест қабылданған-тын. Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан - Рухани келісім күні  мерекесі аталып өтілуде. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, коп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

 Кездесу барысында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбеков өңіріміздегі діни конфессиялардың ынтымақ-бірлігіне тоқталды.

«Қазақта «Байлық байлық емес, бірлік байлық» деген аталы сөз бар. Осы сөздің астарында талай мән-мағына жатыр. Облысымызда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесі жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтілуде. Елбасымыздың бағыт-бағдарының арқасында түрлі діни конфессия өкілдері тату-тәтті, ынтымақта ымыраласып, ғұмыр кешіп жатқан жағдайы бар»,- деді Ахметжан Пірәліұлы. 

Мұнан соң Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының діни қызметшісі Александр Могилевский мен «Шымкент қаласының еврей қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі  Зелик Мурдухаевтер діни бірлестіктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін сөз етті. 

         Кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына мерекеге орай алғыс хаттар мен сый-сияпат табыс етті.  Сондай-ақ «Рухани келісім күніне» орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар  арасында кіші футболдан  өткен турнирдің жеңімпазы облыстық мешіт ұжымына облыс әкімінің кубогы табысталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


  2017-10-19       38

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2335:821

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика