Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

55009 әскери бөлімінде кездесу өтті



Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында идеологиялық жұмысты ұйымдастыру туралы бірлескен іс-жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 55009 әскери бөлім басшылығымен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыр және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов өткізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», – деп, тегіннен-тегін айтпаса керек.
Осы орайда радикалды діни ағымдар идеологиясының ең жағымсыз ықпалы дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды ыдырату арқылы діни сананы өзгертуге тырысады. Өйткені, кез-келген жат ағым қоғамда қалып¬тасқан құндылықтарды күйрету арқылы өз ықпалын жүргізуге ұмтылады. Ал бұл өз кезегінде дәстүрлі құндылықтармен бірге ішкі тұрақтылықтың әлсіреуіне алып келеді. Сондықтан ұлтты қалыптастырған адамгершілік құндылықтарын қорғау елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады. Кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.


  2017-09-25       22

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2331:556

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика